Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті Самал көшесі, 82 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады

Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті Самал көшесі, 82 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады

Оралда тағы бір ХҚКО секторы ашылды
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тағы бір жаңа сектор ашты. Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті Самал көшесі, 82 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде ресімдей алады.
Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын ресімдеу үшін ХҚКО-ға немесе нотариустарға жүгінуге тиіс болатын. Енді "SUN CITY NEXT" ТК-нен пәтер сатып алған азаматтар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайында ашылған болатын.