Ағымдағы жылдың 4 мамыры күні облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының ұжымы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Рухани жаңғыру» институтының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті Шайхиев Тұрарбек Төлегенұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Тұрарбек Төлегенұлы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы туралы түсінік беріп, қоғамдық сананы жаңғыртудың қоғамды дамытудағы маңызы туралы өз ойымен бөлісті.