Облыс әкімі Ғали Есқалиев қаланы көгалдандыру сенбілігіне қатысты

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қаланы көгалдандыру сенбілігіне қатысты

Іс-шара аясында өңір басшысы ұйымдастырылған жәрмеңкеге барды, онда шаруашылықтар терек, шырша, арша және еменнің жас көшеттерін ұсынды.
Орал аумағын жинау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша санитарлық-экологиялық айлық шеңберінде өңір басшылығының, облыс орталығының, депутаттардың, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Жастар ұйымдары мен студенттердің қатысуымен қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 550 үйеңкі мен терек көшеттері отырғызылды. Айлық барысында Оралда барлығы 5 300 дана ағаш отырғызылды.
Облыс әкімі атап өткендей, Орал қаласын көгалдандыру және тазалау бойынша сенбіліктерге қатысу – әрбір қала тұрғынының ісі. Біздің ортақ үйімізге мұқият болу керек және оның тазалығы мен өркендеуіне барлық жағынан қатысу керек.
Жалпы, Орал қаласын көгалдандырудың бекітілген жоспары бойынша биыл 50 700 ағаш, жасыл желектер мен көпжылдық гүлдер отырғызылды.