БҚО ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде төтенше жағдайға әрекет ету үшін жедел штаб ұйымдастырды

БҚО ТЖД ауа райы қолайсыз болған кезде төтенше жағдайға әрекет ету үшін жедел штаб ұйымдастырды

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ауа райының нашарлауына байланысты 2021 жылғы 23 ақпанда БҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін 55-40-88 жедел желі нөмірі бойынша облыстық жедел штабы құрылды.

БҚО ТЖД жүргізушілерге трассаларда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Жолдардың жағдайы туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан алуға болады.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса,  "112" нөміріне хабарлаңыз.