Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» кездесуі өтті

Жаңақала ауданында «Ашық әкімдік» кездесуі өтті

Бүгін Жаңақала ауданында тұрғындармен кезекті «Ашық әкімдік» кездесуі өтті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған «Қазақтелеком» компаниясының интернет қызметі мен ұялы байланыс сапасына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Аталған мәселелер бойынша тұрғындардың сауалдары мен ұсыныстарын тыңдау үшін облыстан байланыс саласының жауапты басшылары мен мамандары арнайы қатысты.

Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, байланыс қызметінің сапасын жақсарту бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. Өз кезегінде сала мамандары көтерілген мәселелер бойынша түсіндірме беріп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат ұсынды.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.