Байқоныс ауылдық округінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда

Байқоныс ауылдық округінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда

Байқоныс ауылдық округінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Байқоныс ауылдық округінің әкімі, Цифрлық технологиялар басқармасы және шағын байланыс операторларының бірлескен жұмысы нәтижесінде ауыл тұрғындарының үйлерін сымды интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы әрі тұрақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тұрғындар көп шоғырланатын демалыс орындарында тегін қоғамдық Wi-Fi желісін іске қосу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған бастамалар ауыл тұрғындарының цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.