2027 жылға дейін облыстың 220 елді мекенін талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді интернетпен қамту жобалары жүзеге асырылуда. Бұл өңір тұрғындары үшін цифрлық қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және халықты сапалы байланыс пен тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Камашев айтып береді.
Бүгін ол кәсіби мерекеміз қарсаңында журналист рөлін сомдап, бұл мамандықтың қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін өз тәжірибесінде сезініп көреді.