
Bitrix және Aimaq07 ақпараттық жүйелері бойынша Теректі ауданында әдістемелік көмек көрсетілді.
Кездесуге аудан әкімдігінің өкілдері мен жауапты мамандар қатысты. Іс-шара барысында жүйелерді тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Әдістемелік көмекті БҚО жобалық кеңсесінің басшысы Сұлтанғалиев М. және жобалық басқару бөлімінің басшысы Хайруллин Б. көрсетті.