GITEX AI Kazakhstan: жасанды интеллектіні дамыту бойынша жаңа келісімдер мен серіктестіктер жасалды

GITEX AI Kazakhstan: жасанды интеллектіні дамыту бойынша жаңа келісімдер мен серіктестіктер жасалды

Алматыда өткен GITEX AI Kazakhstan аясында Жаслан Мадиевтің қатысуымен мазмұнды әрі қарқынды жұмыс бағдарламасы жүзеге асты.

Мемлекет басшысының және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Негізгі назар — талқылаудан нақты енгізу кезеңіне көшу.

Presight компаниясымен ЖИ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Деректерді өңдеу орталықтары алқабы бойынша келісімге қол қойылды. Бұл шешім жасанды интеллектіні ауқымды түрде дамытуға қажетті базаны қалыптастырады.

Сондай-ақ Presight, Huawei, MBZUAI, Meta сияқты халықаралық технологиялық компаниялар және инвесторлармен бірқатар кездесулер өтіп, жаңа цифрлық өнімдер мен даму тәсілдері талқыланды.