
Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының ұйымдастыруымен WestKZ Digital Future студенттер форумы өтуде. Шараның мақсаты – жастардың ІТ жобаларына қолдау көрсету. Форум күзде қорытындыланады. Үздік деп танылған жобаның авторы өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.