Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Batys Hub инновациялық орталығының қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Batys Hub инновациялық орталығының қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляева жұмыс сапары аясында өңірлік инновациялық орталық «Batys Hub» қызметімен танысты.

Кездесу барысында хаб резиденттері өздерінің стартап-жобаларын таныстырып, цифрлық технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы өзекті шешімдерді көрсетті.

Екатерина Васильевна ұсынылған бастамалармен мұқият танысып, жан-жақты кері байланыс берді. Ол жобалардың жоғары әлеуетін, олардың практикалық маңыздылығын және өңір үшін өзектілігін атап өтті.