Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Орал қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Batys Hub жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Орал қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Batys Hub жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Смышляева Екатерина Васильевна Орал қаласына сапары барысында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты. Қазіргі таңда орталықта зейнет жасындағы тұрғындарға бос уақытты тиімді пайдалана отырып, жаңа дағдыларды қалыптастыруға, жаңа орта тауып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалған.

Мәжіліс депутаты орталық келушілерімен жүздесіп, тұрғындардың қызығушылықпен атқарған жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар Екатерина Смышляева “Batys hub” орталығы жұмысымен танысты. Batys Hub – Батыс Қазақстан өңірінде цифрлық дағдыларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және қуатты IT-қоғамдастық қалыптастыруға бағытталған аймақтық инновациялық орталық. Хаб жаңа технологиялық жобалардың пайда болуына серпін беріп, цифрлық кәсіпкерліктің дамуына қолайлы экожүйе қалыптастырады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева және “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Гаухар Шайхиниязова белсенді IT саласы мамандарымен кездесіп, іс-шара барысында депутат орталықтың қызметімен жан-жақты танысып, цифрландырудың өңір дамуына тигізер ықпалына ерекше тоқталды.