БҚО-да полиция жұмысына жасанды интеллект енгізілді

БҚО-да полиция жұмысына жасанды интеллект енгізілді

БҚО Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдерді енгізді. Енді өңір полицейлерінің қылмысты жедел ашуына жасанды интеллект көмектесуде. Ұрлық-қарлық, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен іздестіруде жаңа технологияның тиімділігі жоғары. Заманауи жүйе құқық қорғау саласына тың серпін беріп отыр.