
🏆🇰🇿🇰🇿🇰🇿🥇🥈🥉Спорттық бағдарламалау бойынша жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті. Аталған додаға әртүрлі жоғары оқу орындарынан келген 17 студент қатысып, өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, жылдамдық пен дәлдік бойынша бақ сынасты.
🥋Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, олар ақшалай сыйлықтардың иегерлері атанды. Бұл — жас бағдарламашыларды қолдауға және олардың кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді.
Айта кету керек, бұл жарыс қазақтың ұлттық киімдер күні аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осындай тың форматтағы іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи білім мен технологияны ұштастыруға жол ашады.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!