Batys Hub-тағы AI NAURYZ Workshop: AI мен ұлттық мәдениет тоғысындағы жаңа идеялар

Batys Hub-тағы AI NAURYZ Workshop: AI мен ұлттық мәдениет тоғысындағы жаңа идеялар

Batys Hub-та AI NAURYZ Workshop өтті 🤖🚀

Бүгін тәжірибеге, еркін пікір алмасуға және қатысушылардың қызықты сұрақтарына толы мазмұнды іс-шара өтті. Біз AI құралдарының көмегімен ұлттық мәдениет пен дәстүр тақырыбында заманауи цифрлық контент жасаудың жолдарын бірге қарастырдық.

Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызығушылығы және креативті атмосфера қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Наурыз тақырыбында жаңа идеялар мен цифрлық жобалардың дүниеге келуін көру өте құнды болды! ✨

Алда Digital Nauryz аясында бұдан да көп кездесулер, жаңа идеялар мен пайдалы іс-шаралар күтіп тұр. Анонстарымызды бақылап отырыңыз!