Жасанды интеллект және цифрлық даму мәселелері Үкімет отырысында талқыланды

Жасанды интеллект және цифрлық даму мәселелері Үкімет отырысында талқыланды

🌐 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасады.

Министр өз баяндамасында байланыс инфрақұрылымының сапасына тоқталып, цифрлық экономиканың тиімділігі инфрақұрылым сапасына тікелей байланысты екенін атап өтті. Биылғы жылы ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту және көліктің барлық түрлерін, соның ішінде әуетасымалдарын да интернетпен қамту бойынша жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталғанын айтты.

Экспорттық әлеуетке ерекше назар аударылды. Атап айтсақ, Starlink gateway-станциялары мен Транскаспийлік талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасын іске асырудың арқасында Қазақстан көршілес елдерге (Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия) байланыс мүмкіндігін ұсына отырып, өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайтуда.