КазИИТУ-де «Жасанды интеллект және цифрлық болашақ» атты студенттік форум өтті

КазИИТУ-де «Жасанды интеллект және цифрлық болашақ» атты студенттік форум өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамыту еліміздің стратегиялық басым бағыты екенін атап өткен болатын. Осы маңызды бастамалар аясында 26 ақпан күні КазИИТУ университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық болашақ» атты студенттік форум өтті. Форум барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект мүмкіндіктері, киберқауіпсіздік, білім беру жүйесіндегі жаңғыру және IT саласындағы кәсіби даму тақырыптары кеңінен талқыланды. Іс-шараға сала мамандары мен тәжірибелі спикерлер қатысып, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Айтимов Ақсерік Сарыұлы - «КазИИТУ» ғылыми-білім беру кешенінің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысының БҚО бойынша филиалының төрағасы, «100 жаңа есім» жобасының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы, «Үздік цифрландырушы» төсбелгі иегері
Султангалиев Махамбет Амантайұлы «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры
Ержанов Ергали Куаншпекович - Цифрлық технологиялар басқармасының «Байланыс сапасын бақылау және дамыту» бөлімінің басшысы;
Куликова Ольга Каржаубайқызы - ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі (анықтаушысы), экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі;
Шуйншалиев Олжас Алибекович - БҚО Полиция департаменті: Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары;
Касымова Асель Галимовна - Batys Hub өңірлік IT-хабының директоры;