
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлерде әлеуетті кадрлық резервті қалыптастыру мақсатында 2024 жылы өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді.
Департаментпен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзіреттерін арттыруға бағытталған резервшілермен еркін форматта мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге өңірлік кадр резервінің мүшелері Р.Асанов, А.Жаркеев қатысып, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге резервке қатысудағы жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Бүгінгі таңда облысымызда өңірлік кадр резервіне енген 30 азаматтың 22-сі облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалды.
Департамент басшысы, Президенттік кадр резервінің мүшесі М.Байсалов, кадр резерві сұранысқа ие жоба екенін, мемлекетті басқарушылардың негізгі легі жас мамандардан қалыптасатынын атап өтті.
Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.