Болашақ мамандарға бағыт: оқушылардың мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі

Ағымдағы жылдың 26 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары мемлекеттік қызмет саласымен тәжірибелік тұрғыда танысу, кәсіби бағдар алу және бұл салаға қызығушылығын арттыру мақсатында басқарманың цифрландыру бөлімінде тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама қорытындысы бойынша цифрландыру бөлімінің басшысы Райымбек Нұрланұлы Рашитов оқушыларға арнайы сертификаттар табыстады. Іс-шара аясында басқарманың бас маманы Г.Кауденова мемлекеттік қызметке кіру бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар «Үздік мемлекеттік қызметші» медалінің иегері Абат Сәкенұлы Ашықпен және Өңірлік кадр резервінің мүшесі, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және дербес деректерді бақылау бөлімінің басшысы Ринат Сайынұлы Асановпен кездесті.