Оралда қоғамдық қауіпсіздік жасанды интеллект арқылы күшейтілді

Оралда қоғамдық қауіпсіздік жасанды интеллект арқылы күшейтілді

Орал қаласында жасанды интеллект функциясымен жабдықталған 300 камера іске қосылды.

Жасанды интеллект жүйесіне қосылған бұл камералар адамның бет-әлпетін тануға, автокөлік нөмірлерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде тәртіп сақшылары үшін маңызды құрал саналады.

Аталған камералардың басты ерекшелігі — қоғамдық тәртіп бұзушылықты өздігінен анықтап, жедел басқару орталығына белгі беруі. Мәселен, қоқысты белгіленбеген жерге тастаған жағдайда, жасанды интеллект жүйесіндегі камера бұл әрекетті тіркеп, қажетті ақпаратты жедел басқару орталығына жолдайды.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысы аумағында орман өртінің алдын алу мақсатында жасанды интеллект жүйесіне қосылған 10 камера орман алқаптарына орнатылды.