Инвестициялық жобаларды ақпараттық жүйеге енгізу

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының 2026 жылғы 13 қаңтардағы облыс аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды ақпараттық жүйеге енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-де жиын өтті.
Жиынға облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінен жауапты мамандар қатысты. Кездесу барысында өңірлік жобалық кеңсе мамандары жауапты тұлғалармен бірлесіп, жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды нақтылап, әр жоба бойынша тапсырмалар мен жауапкершілік аймақтарын айқындады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйеге деректерді уақтылы және сапалы енгізу, жобалардың орындалу барысын жүйелі түрде бақылау мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта барлық инвестициялық жобалар ақпараттық жүйеге енгізіліп, олар бойынша тұрақты мониторинг жүргізу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жобалардың ашықтығын арттырып, іске асырылу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.