«Битрикс» ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Бүгін «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-де өңірлік жобалық кеңсе мамандары «Битрикс» ақпараттық жүйесінің жұмыс жасау барысын жан-жақты таныстырды. Іс-шара барысында жүйенің негізгі мүмкіндіктері, функционалдық құралдары, жобаларды басқару, құжат айналымын ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау тетіктері көрсетілді.
Жиынға басқарма басшысы мен жауапты мамандар қатысып, жүйені күнделікті жұмыс үдерісіне енгізу, тиімді пайдалану және оны одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.