Өңірдегі байланыс желісінің сапасына арналған кеңес отырысы өтті

Өңірдегі байланыс желісінің сапасына арналған кеңес отырысы өтті
 

2026 жылғы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы Н.Ораздың төрағалығымен өңірдегі байланыс және мобильді интернет желісінің сапасына қатысты байланыс операторларымен кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында облыс аумағында байланыс сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралып, мобильді интернетті дамыту, қолданыстағы желілерді жаңғырту және қамту аймағын кеңейту мәселелері талқыланды.

Жиында байланыс операторлары 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2026 жылға арналған жоспарларын ұсынды. Атап айтқанда, базалық станцияларды орнату, 4G/5G желілерін кеңейту, ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын жақсарту және «ақ-дақтарды» азайту бойынша алдағы іс-шаралар сөз болды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірде байланыс қызметінің сапасын одан әрі арттыру, халықты тұрақты әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.