Қазақстанда SpaceX-тің Direct-to-Cell спутниктік байланыс технологиясы алғаш рет сыналды

Қазақстанда SpaceX-тің Direct-to-Cell спутниктік байланыс технологиясы алғаш рет сыналды

Қазақстан 2026 жылдың ақпан айынан бастап SpaceX компаниясының Direct-to-Cell спутниктік байланыс технологиясын енгізуді бастайды. Күзде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында әлемдік озық технологияларға жол ашатын бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Солардың бірі — Starlink компаниясының Direct-to-Cell спутниктік байланыс жүйесін енгізу туралы келісім.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, вице-министр Досжан Мусалиев, Beeline Қазақстан компаниясының президенті Евгений Настрадин және SpaceX (Starlink) компаниясының өкілдері Орталық Азияда алғаш рет Direct-to-Cell технологиясын сынақтан өткізді.
Сынақ барысында Starlink спутниктік желісі мен Beeline Қазақстанның жерүсті мобильді желісі біріктіріліп, қарапайым ұялы телефон арқылы SMS-хабарлама табысты жіберілді, сондай-ақ мессенджер арқылы қоңырау шалу жүзеге асырылды.