Ашық есік күні аясында студенттермен мазмұнды кездесу өтті

Ашық есік күні аясында студенттермен мазмұнды кездесу өтті

2025 жылдың 9 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының Цифрлық технологиялар басқармасы «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері Ашық Абат Сәкенұлы өңірдегі Республикалық жоғары техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Абат Сәкенұлы мемлекеттік қызмет саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, цифрландыру бағытындағы қазіргі заманғы үрдістер, талап етілетін кәсіби дағдылар және олардың ел дамуы үшін маңызы туралы жан-жақты әңгімеледі.
Сонымен қатар, ол студенттердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ маман ретінде кәсіби бағдар алу, мансаптық жоспарлау және өзін-өзі дамыту бойынша құнды кеңестер берді.
Іс-шара жастар үшін мемлекеттік қызмет пен цифрлық технологиялар саласының жұмыс процестерімен танысып, тәжірибелік ақпарат алуға мүмкіндік берді.