Оралда Эстония жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде кездесу өтті

Оралда Эстония жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде кездесу өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Цифрлық технологиялар басқармасы мен Ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Эстония жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізу бағыттарын айқындау болды.

🇪🇪 Іс-шараға Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Ора (Jaap Ora), Елшіліктің бірінші хатшысы Герри Леск, бизнес және қоғамдық дипломатия жөніндегі координатор Ақбота Саржанова, Эстонияның Орал қаласындағы Құрметті консулы Аркадий Рубцов және БҚО Ақпараттық технологиялар орталығының директоры Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы қатысты.

Іс-шара барысында тараптар:
• бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу,
• ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру,
• оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейту,
• жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Кездесу барысында жасанды интеллектіні жауапты әрі этикалық тұрғыда қолдану, цифрлық құзыреттерді дамыту және халықаралық стандарттарға сай ғылыми экожүйе қалыптастыру маңыздылығы атап өтілді.

БҚИТУ тарапынан бірінші проректор м.а. Самал Машанова, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Изимғали Жұбантаев, институт директоры Асет Тасмағамбетов, профессор Светлана Бахишева және бөлім басшылары қатысты.

Кездесу нәтижесінде тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға өзара қызығушылық танытты. Бұл шара БҚИТУ-дың халықаралық әріптестік желісін кеңейтіп, білім мен ғылымдағы жасанды интеллектті дамытуға серпін берді.