Эстония Елшісі BATYS HUB-та!

Эстония Елшісі BATYS HUB-та!
 
 

🇰🇿🇪🇪 Эстония Елшісі BATYS HUB-та!

Бүгін Эстонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яаап Ора мырза BATYS HUB орталығына ресми сапармен келіп, орталықтың қызметімен танысты.

Сондай-ақ, елші «Қазақстандағы жасанды интеллекттің дамуы» тақырыбында өткен семинарға қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Семинарға қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салып, АИ саласындағы тың идеялармен бөлісті.

🌐 Цифрлық трансформация мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолындағы мұндай кездесулер жастар үшін үлкен мүмкіндік екені сөзсіз!

Жаңа технология – жаңа болашақ! #astanahub #digitalministry #цифрлыққазақстан #эстония🇪🇪