Оралда жол қауіпсіздігін бақылауға дрондар кірісті

📌Оралда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрондар қолданыла бастады
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысында «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы іске қосылды.
2025 жылдың қыркүйектен бастап Орал қаласының кіреберіс жолдарында дрондар көмегімен әуе мониторингі жүргізілуде. Жобаны облыс әкімінің тапсырмасымен БҚО Полиция департаменті, БҚО Цифрлық технологиялар басқармасы және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп жүзеге асыруда.
Дрондар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды жедел анықтауға, төтенше жағдайларды, тұрмыстық қалдықтардың және қоқыстардың жиналуын алдын алуға мүмкіндік береді.
Мәселен, жыл басынан бері өңір жолдарында қарсы жолаққа шығумен байланысты кісі өлімімен аяқталған 12 жол көлік оқиғасы орын алып, 11 кісі қаза тапты. Жалпы жыл басынан облысымызда жол көлік оқиғаларынан 53 адам көз жұмды. Сондықтан, бұл технология жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және қайғылы оқиғалардың алдын алуға көп көмегін тигізеді.
Алдағы уақытта облыста заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалғасын табады.