Аманкелді Нұртілек Қалқаманұлы – кәсіби шеберлігімен танылған білікті мемлекеттік қызметші
![Аманкелді Нұртілек Қалқаманұлы – кәсіби шеберлігімен танылған білікті мемлекеттік қызметші]()
Аманкелді Нұртілек Қалқаманұлы жауапты және білікті мемлекеттік қызметші. Нұртілек Қалқаманұлы мемлекеттік қызметке өзінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін арнап жүрген мамандардың бірі. Ол 1995 жылы 22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қосаба ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2014 жылы Орал қаржы экономикалық колледжін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2018 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
Мемлекеттік қызмет жолын 2015 жылы Ақсай қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы ретінде бастап, өз еңбегінің, ұқыптылығы мен жауапкершілігінің арқасында әр жылдары түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінде бас маманнан бастап бас инспекторға дейін көтерілді.
2018 жылдан бастап облыстық деңгейдегі басқармаларда қызметін жалғастырып, қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек етуде.
29 жасында-ақ 10 жылдан астам еңбек өтілі бар Нұртілек Қалқаманұлы өз ісіне адал, кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде танылды. Еңбегі еленіп әр жылдары Орал қаласының әкімі М.Байменовтың, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтың, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы А.Юсупованың және т.б. алғыс хаттарымен марапатталды.
Қызмет барысында өзін орындаушылыққа білігі жоғары, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасқан, ұжымда сыйлы қызметкер ретінде көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, цифрлық шешімдерді енгізуге және бақылау процесін жетілдіруге өз үлесін қосып келеді.
2025 жылы Нұртілек Қалқаманұлы кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына «Цифрлық мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша конкурсқа қатысып оқу грантын жеңіп алып оқуға түсті. Ол Академияны аяқтаған соң мемлекеттік қызметтің дамуына жаңа серпін беруді көздеп отыр.