Басқарма басшысын кадрлық тағайындау

Басқарма басшысын кадрлық тағайындау

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Ғабидуллин Асқар Маратұлы тағайындалды.
Ғабидуллин Асқар Маратұлы - 1976 жылы туған. Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «АӨК саласындағы экономика және басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Ақтөбе қаласының аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Акционерлік қоғамдар және серіктестіктер бөлімінің аға маманы;
- «Ақтөбе Агро» ЖШС, маркетинг бөлімінің менеджері;
- «Рамазан» ЖШС, коммерциялық бөлімінің менеджері;
- «Спецавтотранспорт» мемлекеттік-коммуналдық АҚ бас инженері;
- Ақтөбе қаласының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
- Ақтөбе қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
- Ақтөбе қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы;
- Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;
- Ақтөбе облысы бойынша ТЖ жою мен жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2017 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жанындағы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ–ның филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) директоры қызметін атқарды.