Лифтілерді ауыстыру мәселесі бойынша ақпарат

Лифтілерді ауыстыру мәселесі бойынша ақпарат

Бүгінгі күні облыста КПТҮ-де барлығы – 1175 лифт бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 943 лифт (838 КПТҮ), Ақсай қаласы бойынша – 232 лифт (62 КПТҮ). Пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан, тозығы жеткен лифтілер: Орал қ. – 190 лифт немесе 22,6%, Ақсай қ. – 40 лифт немесе 17,2%. Сонымен қатар, әлеуметтік объектілерде: Орал қаласында - 173 лифт (3 лифт тозығы жеткен немесе 1,7%), Ақсай қ. – 16 лифт бар.

Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қолдауымен «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша жалпы сомасы 879,2 млн.теңгеге 26 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде: шатырларды күрделі жөндеу бойынша - 19 жоба, үйді күрделі жөндеу бойынша - 4 жоба, лифтілерді ауыстыру бойынша - 3 жоба.

Тозығы жеткен лифтілерді ауыстыру бойынша тұрғындар тарапынан қызығушылықтардың артуына байланысты жобалар саны да көбеюде, сол себепті, 2025 жылға облыстық бюджеттің нақтылануы кезінде Орал қаласы бойынша 11 жобаға (245,5 млн.теңге) және Ақсай қаласы бойынша 5 жобаға (77,7 млн.теңге) қаражат қарастырылды, жалпы сомасы 323,3 млн.теңгеге 16 лифт жаңартылатын болады, нәтижесінде 1291 адам (Орал қ – 926 адам, Ақсай қ. – 365 адам) қауіпсіз жаңа лифтіні пайдаланады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ақсай қаласындағы 5 көп қабатты тұрғын үйдің лифтісін ауыстыру мақсатында аудандық бюджеттен 71,5 млн.теңге бөлінді, нәтижесінде 365 адам қауіпсіз жаңа лифтіні пайдаланатын болады.

Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттамасы дайын және мемлекеттік сараптамадан өткен лифтілерді ауыстыру бойынша Орал қаласында – 3 жоба (61,7 млн.теңге), Ақсай қаласында – 22 жоба бар, республикалық бюджеттің нақтылануы нәтижесінде қолдау тапқан жағдайда аталмыш жобалар жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, «Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» ЖШС тарапынан лифтілерді ауыстыру үшін 11 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

Көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, шатырларды күрделі жөндеу, лифтілерді ауыстыру мақсатында келесідей жұмыстар атқарылуы қажет:

  • Кондоминиум объектісінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (көшірмесі);
  • Жұмыс түрлерін таңдау;
  • Тұрғындардың жалпы жиналысының хаттамасының бекітілуі (көпшілік дауыспен, түпнұсқасы);
  • Операторға бағдарламаға қатысу жөнінде өтініш;
  • Оператор тарапынан көп қабатты тұрғын үйді техникалық зерттеу;
  • Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау;
  • ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптамандан өтуі;
  • Бағдарлама әкімшісі тарапынан бюджеттік өтінім ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолданады;
  • РБК-мен қолдау тапқан жағдайда кредит шартына қол қойылады.
  • Тұрғындармен 8 жылға шарт жасалады.

Кондоминиум тіркелмеген жағдайда келесідей құжаттар болуы шарт:

  • Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе egov.kz «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру;
  • Жеке тұлғаның куәлігінің түпнұсқасын ұсыну (түпнұсқа тұлғаны идентификациялау үшін ұсынылады);
  • Жер учаскесіне құқық белгілейтін және идентификацияланатын құжаттар;
  • Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуге төлем туралы түбіртекті ұсыну;
  • Үлес есептемесімен қоса кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны алу.

Ескертпе: Меншік иелері бірлестігі, басқарушы компаниялар, пәтер иелері кооперативі, көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын салушы компаниялар лифтілерді есепке қою қажет.