Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылдың қорытындысына сәйкес кезекте тұрғандар бойынша пәтер алғандар барлығы 588 – адам, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 556 адам, оның ішінде:
2025 жылдың 1 ақпаны жағдайына кезекте тұрғандар бойынша пәтер алғандар барлығы 239 – адам, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 226 адам, оның ішінде:
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2025 жылдың 1 ақпан жағдайына тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар саны барлығы - 31 877 адам, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 19 088 адам.
Тұрғын үй кезегінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар бойынша категориялардан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары басымдылыққа ие болып табылады, атап айтсақ:
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір əйелдердің (тұл ер адамдардың) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі. Сонымен қатар, қалған категорияларға (тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, мемлекеттік қызметкерлдер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мемлекеттік арнайы қызметтің қызметкерлері) 30%-ы беріледі.
Қолданыстағы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74-бабына сәйкес туындайтын Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымдық дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларын бекіту туралы Ережесіне сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығымен пайдалануға берілетін тұрғын үйді бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді қамтамасыз ету қарастырылған.
Айта кететіні, «Бақытты отбасы» бағдарламасы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тұрғын үй алуға жылдық 2% мөлшерлемемен ипотека алуына мүмкіндік береді, олар:
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаттағыларға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жергілікті атқарушы орган беретін тұрғын үй сертификатымен жабу қарастырылған. Жергілікті бюджеттен 2025 жылға 290 млн.теңге бөлінді.
Анықтама:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 22 қарашадағы №138-VIII Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі. Осы Заңға сәйкес жалға берілген тұрғын үйлерді және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылғандар бойынша сатып алу құқығымен жекешелендіруге рұқсат берілді.
Сонымен қатар, осы Заңға сәйкес 2025 жылғы 24 мамырға дейін Орал қаласы және аудан әкімдіктері тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар бойынша түгендеу (инвентаризация) жүргізулері қажет. 2025 жылғы 24 мамырдан кейін Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірыңғай республикалық электрондық базасын жүргізуді, мониторингілеуді және өзектендіруді, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасында қалыптастыруды, жүргізуді, мониторингілеуді және өзектендіруді жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар құзырында тұрғын үй құрылысын салу және сатып алу міндеттері қалады.