Ауыз су үшін субсидия алатын елді мекендердің саны артып келеді.

Ауыз су үшін субсидия алатын елді мекендердің саны артып келеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 413 ауылдық елді мекен бар, оның 263 орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, бүгінгі күні 204 субсидияланады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Жаңама», «Сарман» және       «Тегісшіл» сияқты жергілікті сумен жабдықтау жүйелерімен қызмет көрсетілетін 3 елді мекеннің тұрғындары ауыз суға субсидия ала алады.

Яғни, субсидияланатын елді мекендердің саны 207 дейін артады. Жоба қоғамдық талқылауда.

Бұл өзгерістер халықты қолдауға және сумен жабдықтау баламасыз көздер арқылы жүзеге асырылатын өңірлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Субсидиялар азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға көмектеседі.