Тұрғын үй сертификаты
2024 жылы тұрғын үй сертификаттарын беруге жергілікті бюджеттен 470 млн.теңге бөлінді, соның ішінде: Орал қаласы – 310 млн.теңге, Бөрлі ауданы – 50 млн.теңге, қалған 11 ауданға 10 млн.теңгеден. 2024 жылы облыс бойынша 105 тұрғын үй сертификаты берілді. Тұрғын үй сертификаты әлуеметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға беріледі. 2025 жылға жергілікті бюджеттен тұрғын үй сертификатын беруге 290 млн.теңге қарастырылды.
Тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды тағайындау мен ол үшін төлемдер
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні «Отбасы банк» АҚ-ның ақпараты негізінде 2024 жыл қорытындысы бойынша азаматтардың жекелеген санаттарымен тұрғынжайды жалдауға 168 келісімшарт жасалды, 21,8 млн теңгеге тұрғынжайды жалдауға төлемдер төленді.
2025 жылға жергілікті бюджеттен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау үшін 50 млн.теңге қарастырылды.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу
Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қолдауымен «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Орал қаласындағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге 2024 жылы республикалық бюджеттен 26 жобаны жүзеге асыруға 879,2 млн.теңге бағытталды, нәтижесінде 4 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, 19 үйдің шатырын жөндеу және 3 лифтілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 259,8 млн.теңгеге Ақсай қаласындағы 16 лифтіні ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні барлығы 1175 жолаушылар лифт бар, соның ішінде: Орал қаласында – 943 лифт, Ақсай қаласында – 232 лифт. Пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан тозығы жеткен лифтілер саны – 230, соның ішінде: Орал қаласында – 190 лифт, Ақсай қаласында – 40 лифт.
Бүгінгі күні кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша 64 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Республикалық бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда 3 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, 15 үйдің шатырын жөндеу және 46 лифтілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.
Облыс тұрғындары көп пәтерлі тұрғын үйлерді және шатырларды күрделі жөндеу, тозығы жеткен лифтілерді ауыстыру бойынша өтінімдерін келесідей мекен-жайлар бойынша ұсына алады:
«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылу жоспарланған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жобаларға қойылатын басты талаптардың бірі облыстағы пәтер иелері кооперативтерінің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42 бабына сәйкес кондоминиум объектісінің басқару нысаны - мүліктің меншік иелері бірлестігіне ауысуы болып табылады.
Тұрғын үй кезегі
2024 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 588 адамы пәтермен қамтамасыз етілді, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар – 556 адам.
2025 жылғы 1 ақпан жағдайына тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 31 877 адамды құрайды, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар – 19 088 адам.
2025 жылдың 1 ақпаны жағдайына тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 239 – адамы пәтермен қамтамасыз етілді, соның ішінде аз қамтылған отбасылар – 226 адам.
Тұрғын үй кезегінде тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар бойынша категориялардан әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар басымдылыққа ие болып табылады, атап айтсақ:
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тəрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір əйелдердің (тұл ер адамдардың) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі. Сонымен қатар, қалған категорияларға (тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, мемлекеттік қызметкерлдер, бюджеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мемлекеттіки арнайы қызметтің қызметкерлері) 30%-ы беріледі.
Сонымен қатар, бүгінгі күні әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді қамтамасыз ету қарастырылған.
Айта кететіні, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй алуға жылдық 2% мөлшерлемемен ипотека алуына мүмкіндік береді, олар:
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы санаттағыларға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жергілікті атқарушы орган беретін тұрғын үй сертификатымен жабу қарастырылған. Жергілікті бюджеттен 2025 жылға 290 млн.теңге бөлінді.
Анықтама:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 22 қарашадағы №138-VIII Заңына сәйкес сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі. Осы Заңға сәйкес жалға берілген тұрғын үйлерді және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылғандар бойынша сатып алу құқығымен жекешелендіруге рұқсат берілді.
Сонымен қатар, осы Заң аясында 2025 жылғы 24 мамырға дейін Орал қаласы және аудан әкімдіктері тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар бойынша түгендеу (инвентаризация) жүргізулері қажет. 2025 жылғы 24 мамырдан кейін «Отбасы банк» АҚ-ның құзырында болатын «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы тұрғынжайға мұқтаждар есебіне кезекке қояды және тұрғынжайды беретін болады. Жергілікті атқарушы органдар құзырында тұрғын үй құрылысын салу және сатып алу міндеттері қалады.