Мемлекеттік қызметшілер арасында "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау" тақырыбында дәріс өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер арасында "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау" тақырыбында дәріс өткізілді.

2022 жылы 21 қыркүйек күні Басқармада ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша прокуратурасының аға прокуроры Г.Б.Довкариеваның және БҚО әкімі аппаратының өтініштер бөлімінің бас инспекторы Ж.Ж.Бақтығалиевтің қатысумен "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау" тақырыбында дәріс өткізілді. 

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында кездескен мәселелер бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Басқарма қызметкерлеріне жоғарыда аталған Кодекс талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертілді.