16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
    Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген тұлғалардың барлығын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
     Бұл мереке шын мәнінде біздің еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының, қоғамдағы әрбір азаматтың жеткен жетістіктерінің символы іспетті.
    Адамның әлеуетті дамуы – Тәуелсіздіктің ең басты құндылығы болып табылады, өйткені еліміздің бәсекеге қабілетті болып гүлденуі әрбіріміздің жан-жақты дамуымызға тікелей байланысты.
   Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы.
    Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
     Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.
   Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.
  Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!