
2025 жылдық қорытындысы бойынша анықтама
Жалдамалы тұрғын жайларды үйлестіру, тұрғын үй сертификаттарын беру және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау, КПТҮ күрделі жөндеу мәселелері бойынша облыс әкімдігіне анықтама
(08.01.2026ж.)
«Отбасы банк» АҚ ресми сайтының деректері бойынша 2025 жылғы 31 желтоқсан жағдайына тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны – 42 604 адамды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 28 322, облыс аудандарында – 14 282 адам.
Категориялар бойынша:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлер - 0 ;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – 293;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлер - 76;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар – 2 496;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 1 085;
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) - 73;
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар – 4 554;
8) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 2 444;
9) басқа да категориялар – 31 583.
2025 жыл бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандардың 363 адамы пәтермен қамтамасыз етілді, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтары – 326 адам.
Категориялар бойынша:
- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - 4;
- бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар - 22;
- мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар - 19;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер - 12;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады - 49 ;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар - 137;
- толық емес отбасылар - 83;
- жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар – 15;
- мемлекеттік қызметшілер – 6;
- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 16.
Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау
«Отбасы банк» АҚ-ның ақпараты бойынша 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 24,2 млн.теңге игерілді, жасалған келісімшарттардың саны – 186, оның ішінде:
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 8.
Тұрғын үй сертификатын беру
Айта кететіні, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жергілікті атқарушы орган берген тұрғын үй сертификатымен жабу мақсатында мүмкіндіктер қарастырылған.
2025 жылы – 290 млн.теңге бөлінді, 31 желтоқсан жағдайына 223,4 млн.теңге игерілді, нәтижесінде 195 сертификат берілді. Бүгінгі күні 66,6 млн.теңге игерілмеді.
Анықтама: Орал қаласы – 182,1 млн.теңгеге 154 тұрғын үй сертификаты, Ақжайық ауданы – 7,9 млн.теңгеге 9 тұрғын үй сертификаты, Бәйтерек ауданы – 3,3 млн.теңгеге 4 тұрғын үй сертификаты, Бөкейорда ауданы – 0,2 млн.теңгеге 1 тұрғын үй сертификаты, Бөрлі ауданы – 2 млн.теңгеге 2 тұрғын үй сертификаты, Жаңғала ауданы – 3,9 млн.теңгеге 4 тұрғын үй сертификаты, Жәнібек ауданы – 1,9 млн.теңгеге 3 тұрғын үй сертификаты, Казталов ауданы – 7,7 млн.теңгеге 7 тұрғын үй сертификаты, Қаратөбе ауданы – 0,8 млн.теңгеге 1 тұрғын үй сертификаты, Сырым ауданы – 6,8 млн.теңгеге 5 тұрғын үй сертификаты, Тасқала ауданы – 1,5 млн.теңгеге 1 тұрғын үй сертификаты, Теректі ауданы – 4,9 млн.теңгеге 4 тұрғын үй сертификаты, Шыңғырлау ауданы – 0.
Жалдамалы тұрғын жайларды үйлестіру
Облыс бойынша 2025 жылы құрылысы аяқталған барлығы 580 жалдамалы тұрғын үй бар, соның ішінде: Ақжайық ауданы – 76 үй, Бөкейорда ауданы – 29 үй, Бөрлі ауданы – 43 үй, Жаңғала ауданы – 33 үй, Жәнібек ауданы – 33 үй, Казталов ауданы – 47 үй, Қаратөбе ауданы – 18 үй, Сырым ауданы – 47 үй, Тасқала ауданы – 40 үй, Теректі ауданы – 34 үй, Шыңғырлау ауданы – 27 үй.
Аудан әкімдіктері тарапынан «Отбасы банк» АҚ-на кезекте тұрғандарға 2025 жылы құрылысы аяқталған және босаған үйлер бойынша үйлестіруге дайын барлығы 338 жалдамалы тұрғын үйлердің техникалық сипаттамалары жолданды.
Атап айтсақ: Ақжайық ауданы – 79 үй, Бөкейорда ауданы – 29 үй, Бөрлі ауданы – 41 үй, Жаңғала ауданы – 17 үй, Жәнібек ауданы – 35 үй, Казталов ауданы – 15 үй, Қаратөбе ауданы – 22 үй, Сырым ауданы – 34 үй, Тасқала ауданы – 12 үй, Теректі ауданы – 36 үй, Шыңғырлау ауданы – 18 үй.
Бүгінгі күні «Отбасы банк» АҚ тарапынан 338 тұрғын үйді үйлестіру жұмыстары басталуда, соның ішінде 267 тұрғын үй бойынша инвентаризация жұмыстары өткізілген.
Көп пәтерлі түрғын үйлерді күрделі жөндеу
Тұрғындар тарапынан тозған лифттерді ауыстыру бойынша қызығушылықтың артуына байланысты жобалар саны артып келеді, сондықтан 2025 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде Орал қаласы бойынша 11 жоба (245,5 млн. теңге) және Ақсай қаласы бойынша (77,7 млн. теңге) жалпы сомасы 323,3 млн. теңгеге 5 жобаға қаражат бөлінді, нәтижесінде 16 лифт қайта жаңартылды.
Ағымдағы жылы Ақсай қаласының 5 КПТҮ лифттерді ауыстыруға аудандық бюджеттен - 71,5 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, 2025 жылы облыстық бюджеттен Орал қаласына 5 үйдің шатырын күрделі жөндеуге 202,4 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі күні барлық жобалар бойынша жұмыстар толығымен аяқталды, пайдалануға беру актілері бар.
Көмірсутектерді өндіру саласындағы қызмет қорытындылары бойнша
2025 жылдың қорытындысы бойынша көмірсутектерді өндіру саласында тұрақты көрсеткіштер сақталуда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндіру көлемі 26 миллион текше метрді құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7% - ға артық. Өндірістің өсуі өндірістік процестердің тұрақтылығын және іске асырылатын технологиялық шешімдердің тиімділігін растайды. Сонымен қатар, есепті кезеңде 13 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді.
Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнын кеңейту бойынша стратегиялық маңызды жобаны іске асыру жалғасуда. Осы жоба шеңберінде қаттық қысымды ұстап тұруға, көмірсутектерді алу коэффициентін арттыруға және өндірудің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 6-шы газды кері айдау компрессорының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар 80% - дан астам орындалды. Кестеге сәйкес, жаңа компрессор 2026 жылдың қыркүйегінде іске қосылады деп күтілуде.
Ресурстық базаны одан әрі арттыру мақсатында Шыңғыс-Телсу кен орнын игеру жүзеге асырылуда.
Учаске Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының аумағында облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 300-320 км және аудан орталығынан шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан. Учаскенің шығыс бөлігі 140 км2 көлемінде Ақтөбе облысында орналасқан.
Расталған мұнай қорлары (мемлекеттік балансқа сәйкес):
- С1 санаты бойынша 2,0 млн тонна мұнай (іс жүзінде расталған қорлар);
- С2 санаты бойынша 9,3 млн тонна мұнай (алдын ала бағалау).
Барлау және өндіру келісімшарты «RV-Oil&Gas» ЖШС-не тиесілі, 6 жыл мерзімге.
Сондай-ақ, «QazaqGaz» ҰК АҚ-мен Саралжын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді өндіруге келісімшарт жасалды.
Алынатын көмірсутектердің түрлері туралы ақпараттың болмауына байланысты «QazaqGaz» ҰК АҚ 2 жыл ішінде Саралжын кен орнын барлау жобасын әзірлеу жоспарланып отырғаны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Келісімшартта геологиялық барлау іс-шараларының толық кешені қарастырылған: сейсмикалық барлау, іздестіру-барлау ұңғымаларын бұрғылау, алынған деректерді талдау және учаскенің өнеркәсіптік перспективасын бағалау.
Жыл қорытындысы бойынша ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу көлемі 66 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% - ға артық.
Жеткізу көлемінің өсуі өндірістік қуаттардың тұрақты жұмысының және ішкі нарықты басым қамтамасыз етудің нәтижесі болып табылады.
Коммуналдық инфрақұрылым жобалары бойынша атқарылған жұмыстар
«Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы өз қаражаты есебінен жылумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру және жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жөндеу және жаңғырту жұмыстарын іске асырды. Атап айтқанда, төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды:
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде «Жайықжылуқуат» АҚ жалпы құны 300 млн теңгені құрайтын екі жобаны – Круглоозерное және Зашаған кенттерінде ескі қазандықтардың орнына жаңа блокты-модульдік қазандықтар салу жобаларын іске асырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат есебінен 2025 жылғы сәуір айында басталған ұзындығы 3,9 км болатын №2 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, желі пайдалануға берілді.
Сумен жабдықтау және су бұру бағытында «Батыс су арнасы» ЖШС өз қаражаты есебінен жалпы ұзындығы 5,7 км инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Орал қаласындағы №18А кәріз сорғы станциясында жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың орындалу деңгейі 90%-ды құрайды. Аталған нысанның жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың I тоқсанының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Ұлттық жоба аясындағы жылумен жабдықтау жобалары
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жылумен жабдықтау саласы бойынша «Жайықжылуқуат» АҚ тарапынан жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайтын 3 жоба ұсынылып, тиісті тәртіппен мақұлданды:
Аталған жобалардың ішінде ТМ-7 және ТМ-6 жылу магистральдерін қайта құру жобалары бойынша «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ тарапынан облигациялар шығару арқылы сауда-саттық рәсімдері өткізілді.
2025 жылға екі жоба бойынша 1,280 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жұмыстардың орындалу деңгейі 10%-ды құрайды. Жылыту маусымының өтуіне байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, маусым аяқталғаннан кейін қайта жалғастырылатын болады.
Сумен жабдықтау және су бұру саласы бойынша 4 жобаға жалпы сомасы 1,750 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді (30%). Барлық жобалар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды:
Ауыз суды субсидиялау
Батыс Қазақстан облысы бойынша 413 АЕМ бар, оның ішінде 347 АЕМ орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген (78 АЕМ КБМ арқылы, 5 АЕМ қалалық сумен жабдықтауға жатады), бүгінгі күні халық саны 239 599 адам болатын 213 АЕМ субсидияланады. Тізбеге сәйкес 10 топтық су құбыры және 167 жергілікті су құбыры субсидия алады.
Субсидия алатын ауылдық елді мекендердің тұрғындары тұтынылған ауыз су үшін 90 теңгеден/текше метрден (есепке алу аспаптарымен) және 200 теңгеден/текше метрден (есепке алу аспаптарынсыз) төлейді.
2025 жылы елді мекендерде ауыз суды субсидиялауға 1,4 млрд. теңге бөлінді (кредиторлық берешекті ескере отырып), игеру 100% % құрады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша электрмен жабдықтау:
2025 жылы аймақтағы 5 электр энергиясын өндіретін компанияның электр энергиясын өндіру көлемі 2,2 млрд. кВт/сағ құрады. Ресей Федерациясынан электр энергиясын импорттау 41,7 млн. кВт/сағ жетті, бұл жалпы қажеттіліктің 1,8% құрайды.
2025 жылы өңіріміздің энергия жүйесінің жалпы орнатылған қуаты 399 МВт, ал жүргізілмелі қуаты 366 МВт болды.
Электр беру желілерінің ұзындығы 20 531 км. 2025 жылы Батыс Қазақстан облысындағы электр беру желілері мен қосалқы станциялардың негізгі бөлігінің тозуы 78,86% құрады.
2025 жылы жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын 6 жоба іске асырылды. Олар ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шыңғырлау ауылы мен Бөрлі ауданының Приурал ауылындағы электр желілерін жөндеу және Тасқала ауданының Тасқала ауылында көше жарық шамдарын салу кіреді.
«Жұлдыз» ауданында 110/10 кВ қосалқы станциясын салу және «Ақжайық» шағын ауданында 10 кВ (29 км) тарату желілерін салу.
Сондай-ақ, Орал ЖЭО-да қуаты 12 МВт болатын №1 турбоагрегатына күрделі жөндеу жүргізілді, нәтижесінде станцияның жалпы қуаты 58 МВт-қа дейін арттырылды.
«ӘЖ-110 кВ реконструкциялау (БҚО Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала аудандары және Орал қ.)» жобасын іске асыру басталды, нәтижесінде Зашаған – Перемётное, Перемётное – Тасқала учаскелерінде 110 кВ 92 км әуе желілері ауыстырылды.
Сондай-ақ «БҚО индустриялық аймақты ұйымдастыру және салу. 1-кезең» (90% орындалды) және «Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Белес ауылындағы Ростошский станциясындағы «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС қосалқы теміржол жолының тұтасуы» (100% орындалды) жобалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.
2025 жылға «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-мен 1 120,0 млн. теңге жалпы сомаға электр желілерінің әр түрлі кластағы кернеуінің 709,84 км, 22 ҚС және 164 ҚТҚ-ны жөнделді. 2025-2029 жж. электр беру желілерін қайта құру жобасына сәйкес 30 млрд. теңгеге 2040,164 км желілерді ауыстыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 595 млн. теңгеге Жанама, Покатиловка ауылдарындағы 35/10 кВ қосалқы станциялары мен Орал қаласындағы кабель желілері жаңартылды.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Бөрлі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Тасқала аудандарында және Орал қаласында 35/10/0,4 кВ әуе мен кабель желілерін қайта құру мақсатында 3 жобаны іске асыру басталды, жергілікті бюджеттен 10 млрд. теңгенің 3 млрд. теңгесі (толық соманың 30%) игерілді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары, атап айтқанда тіректерді орнату және материалдарды жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса, осы Ұлттық жоба аясында 2026 жылға электр желілерін қайта құру бойынша 14 жоба жоспарлануда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша электр желілерінің тозу көрсеткіші 3,43%-ға төмендеп, 75,43% құрады. «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС желілерінде 458 уақытша өшіру тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 324 жағдайға аз.
Инвестицияларды тарту және Ресейге энергетикалық тәуелділікті азайту мақсатында инвесторлардың қаражаты есебінен жалпы қуаты 54,9 МВт болатын жаңартылатын энергия көздеріне жататын екі жобаны іске асыру басталды, олардың жалпы құны 23 млрд теңге:
Сонымен қатар, электр энергиясын өндіру бойынша 2 инвестициялық жоба жоспарлануда,
2025 жылдың қорытындысы бойынша газбен жабдықтау:
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында табиғи газды тұтыну көлемі 1 294,11 млн. м3 құрады, оның 356,604 млн. м3 халыққа, 875,547 млн. м3 кәсіпорындар мен жылуэнергетикалық компанияларға тиесілі.
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 99,8% құрайды. 405 елді мекеннің 369-ы табиғи газбен толығымен қамтамасыз етілген.
Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 12 353 км құрады, оның ішінде тарату желілері – 10 053 км, магистральдық желілер – 2 300 км. Газбен қамтамасыз ету желілерінің тозуы – 36% құрайды.
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 649 млн. теңге сомасына жылдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Ростоши-Тайпақ» газ құбырының 4,8 км жөнделді.
Сондай-ақ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ күрделі жөндеу жоспарына сәйкес – 32,1 млрд. теңгеге жоғары қысымды газ құбырларының 17,3 км жөнделді.
Бұдан басқа, Қазталов ауданындағы 22 әлеуметтік нысанды газдандыру бойынша 411 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылды.
Облыс бойынша 405 елді мекеннің 39-ы газдандырылды. Қазіргі уақытта Қадырқұл, Забродин, Богатск, Өркен, Аққұс және Үшкемпір ауылдары бойынша жалпы сомасы 559 млн. теңге болатын жоба-сметалық құжаттама бар. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жоспарлануда.
2025 жылы Батыс Қазақстан облысының газбен қамтамасыз ету саласында жалпы құны 10,6 млрд теңгеден асатын бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Қаржыландыру республикалық газтасымалдау жүйесін дамыту бағдарламасы аясында көзделген. Негізгі жобалардың арасында келесілер:
«БҚО Орал ЖЭО-ға магистральдық және жеткізуші газ құбыры». Аяқталмаған құрылыс». Жобаның жалпы құны – 7,1 млрд. теңге.
Ол үшін Сізге, сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жергілікті ауылдық округі әкімдігіне жүгініп өтініш жазу керек. Бұдан әрі, өтініш жер комиссиясының отырысында қаралатын болады, комиссия қорытындысының нәтижелері Сізге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сүене отырып оң шешім немесе беруден бас тартады.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48 бабының негізінде сауда-саттықа (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi:
1-1)жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
1-2) көпбалалы отбасылар;
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына келесі азаматтар жатады:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлгендер;
2)I және II топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7)қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11)толық емес отбасылар.
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін ақпараттық жүйелер платформасы «Kezekte.KZ» сервис арқылы ЭСҚ –мен (ЭЦП) өтініш беру қажет.