Жұмыс кездесулері

Жұмыс кездесулері

2025 жылғы 29 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Тасқала ауданында мемлекеттік еңбек инспекторларының жергілікті жұмыскерлер мен жұмыс берушілер өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету шаралары талқыланды. Қатысушыларға қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары және оны сақтау бойынша жұмыс берушілердің жауапкершілігі жөнінде толыққанды түсіндірме берілді.

Сонымен қатар келесі практикалық мәселелер қаралды:

  • ауыл шаруашылығындағы бейресми жұмыспен қамту деңгейін төмендету және еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • аграрлық сектор кәсіпорындарына шетелдік жұмыс күшін тарту;
  • міндетті әлеуметтік аударымдар мен жалақыны уақытылы төлеудегі мәселелер.

Мұндай іс-шаралар еңбек мәдениетінің деңгейін арттыруға, өндірісте қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысушылар арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға ықпал етеді.