Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

    Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Ақжайық ауданы әкімдігімен бірлесіп ағымдағы жылдың  8 ақпаны күні жергілікті атқарушы, БАҚ және бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

     Аталмыш жиын барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы А.Турумова Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларын сақтау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңінен түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.