Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары

     Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Казталов және Бөкей ордасы аудандары әкімдіктерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны күндері жергілікті атқарушы, БАҚ және бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

     Аталмыш жиындар барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы С.Темірғалиев Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларын сақтау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңінен түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.