Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

    Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні  Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Қалел мен А.Лұқпанов «ПСП «Серік» ЖШС мен БҚО ДСБ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК ұжымдарында кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

    Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің құқықтық мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын, еңбек шарттарын, оның ішінде электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселесін, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен әлеуметтік аударымдарды (ӘА) уақтылы төлеудің маңыздылығын, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек жағдайларын, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу сияқты  өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіру болып табылады.

    Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторлары толық жауаптар берді.