
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізген және қолдайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік сатып алу кезінде жеңілдіктер, преференциялар, шартты жеңілдіктер және басқа да қолдау шараларын енгізу жөніндегі мәселені пысықтау шеңберінде кәсіпкерлер үшін сауалнама әзірленді.
Бизнес – қоғамдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу қажеттілігін айқындау үшін кәсіпкерлік қоғамдастықтарынан онлайн-сауалнамадан өтуге шақырамыз (кәсіпкерлердің сауалнамасынан өту үшін сілтеме – https://forms.gle/jfM32yCqddAPvX2F9).