Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

   Ағымдағы жылдың 5 тамыз күні  Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Турумова мен У.Жунусов «Уральскагрореммаш» АҚ ұжымында кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

    Бұл кездесудің  негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің құқықтық мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасын бұзудың салдарын, еңбек шарттарын, оның ішінде электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселесін, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен әлеуметтік аударымдарды (ӘА) уақтылы төлеудің маңыздылығын, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбек жағдайларын, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу сияқты  өзекті мәселелерді кеңінен түсіндіру болып табылады.

    Кездесу барысында пікір алмасылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік еңбек инспекторы толық жауаптар берді.