Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы жалғасуда

Облыста «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы  жалғасуда

2021 жылдың 15 қазанында «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда (сауда үйлері, базарлар және т.б.) өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ заңнаманы бұзудың салдары түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға және кәсіпкерлік субъектілеріне еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша жадынамалар таратылды.