Кезекті «Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

Кезекті «Қауіпсіз еңбек» профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облысымызда өндіріспен байланысты 44 жазатайым оқиға тіркелді. Онда 51 қызметкер зардап шекті: 5 адам қайтыс болды, 35 адам ауыр жарақат алды және 11 өндіріспен байланысты топтық жазатайым оқиғалардан зардап шекті.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау шеңберінде еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша 99 тексеру жүргізді, оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 126 фактісі анықталды, оның 12-сі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша.

        Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету және жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасы жазғы кезеңнің басынан бері «Қауіпсіз еңбек» науқаны аясында құрылыс қарқынды жүріп жатқан объектілерге барып,  алдын алу шараларын жүргізуде.

Осылайша, 10 ықшам ауданының аумағында орналасқан, бас мердігері «СКФ Отделстрой» ЖШС болып табылатын тұрғын үй кешенінің құрылысы алаңына бару кезінде визуалды тексеру барысында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықталды.

       Бірқатар жұмысшылар жоғарғы қабаттарда қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс жасап жүрді.

       Сондай -ақ, Басқарма қызметкерлері өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдарында ЖШС қызметкерлері, қосалқы мердігерлер арасында ҚР Еңбек кодексінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      Мемлекеттік еңбек инспекторы басқа ұйымдарды мысалға ала отырып, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар туралы айтып, жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін  және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелерін талқылады.

       Осындай профилактикалық шаралар басқа құрылыс және өндірістік объектілерде тұрақты түрде жүргізілетін болады.