«Еңбек күні» мерекесі

«Еңбек күні» мерекесі

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.

      Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.

      Осы орайда, Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжімен бірлесіп, «Еңбек күніне» орай ағымдағы жылдың 29 қыркүек күні «Еңбек түбі – береке» атты мерекелік шара ұйымдастырған болатын.

      Аталмыш шара аясында колледж оқытушылары студенттерді еңбексүйгіштікке, шаруашылыққа, іскерлікке тәрбиелеу мақсатында оқу-әдістемелік түріндегі сайыстар ұйымдастырса, мемлекеттік еңбек инспекторлары болашақ мамандар иелеріне еңбек мәдениетін арттыру мақсатында еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді. 

     Шара соңында студенттерге еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.