Президенттік жастар кадр резерві

Президенттік жастар кадр резерві

Мақсаты:

Қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары

Жалпы еңбек өтілі – кемінде 5 жыл

Жоғары білімінің болуы

Орта деңгейден ( В1 ) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу

Қалай қатысуға болады?

1)2021 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек және NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет

2)Жеке кабинетте профильді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою

3)Қажетті құжаттарды жүктеу:

Жеке куәлік көшірмесі

Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі

Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі

Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат

4)2021 жылғы 2 қазан мен 25 желтоқсан аралығында іріктеу кезеңдерінен өту

5)Пайдаланушыларға pkrezerv.gov.kz сайтында жұмыс істеу үшін Google Chrome браузерін пайдалану ұсынылады.