Ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы  Меморандумдарға қол қойылды

Ағымдағы жылдың 23 тамызында «Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» ММ, «Халықаралық Медиация орталығы» РҚБ Батыс қазақстан облысы бойынша филиалы және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Жоғарыда көрсетілген Меморандумдардың мәні медиацияны, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы және сапалы қорғау үшін жанжалдарды (дауларды) шешудің басқа да балама тәсілдерін дамыту мақсатында Тараптар арасындағы ынтымақтастық болып табылады.

Өзара ынтымақтастық шеңберінде медиативтік рәсімдерді түсіндіру және насихаттау, облыс тұрғындары арасында жанжалды жағдайларды соттан тыс реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізуді қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу, азаматтық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша медиацияны қолданудың мүмкіндіктері туралы бірлескен іс-шаралар өткізілетін болады.