Кездесу өткізілді

Кездесу өткізілді

   Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы Казталов ауданы әкімдігімен бірлесе ағымдағы жылдың 2 маусым күні жергілікті атқарушы, өкілді органдар, БАҚ және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен  «Еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, сондай-ақ халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

     Кездесу барысында Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Д.Қалел қатысушыларға еңбек заңнамасы негіздері, оның ішінде еңбек шартын жасау, еңбек шарттарды «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы, сондай-ақ қарыз еңбегі саласындағы персоналды беру жөніндегі қызметтер көрсету мәселелерін түсіндіріп, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.