"Балаларға біз болмасақ, кім көмектеседі?" атты облыстық конференция

"Балаларға біз болмасақ, кім көмектеседі?" атты облыстық конференция

     31.05.2021 жылы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында балалар қауіпсіздігін арттыру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды талқылау және 1-12 маусым «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру бойынша «Балаларға біз болмасақ, кім көмектеседі?» атты конференциясы оздырылды.

   Конференция облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттері, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, еңбек инспекциясы бойынша басқармасы, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, білім беру мекемелерінің басшылары , тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, ата-аналар, балалар өкілдері және волонтерлардың қатысуымен ұйымдастырылып, нәтижесі бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жоспарлар талқыланып, ұсыныстар қабылданды.